Қазақстанның көлікті дамыту стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылатын жобаның ұзындығы 66 шақырым, үш жолақты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті жобаның қолайлығы мен артықшылықтары да айтылды. Магистральдің негізгі артықшылықтарының бірі – жолдағы уақытты қысқарту, демек, транзиттік жүктерді тамымалдау құны да төмендетіледі.
Айта кетейік, айналма жолда тасымалданатын жүк көлемі 2038 жылға қарай 87% өсіп, 36 млн тоннаны құрайды.
Еске сала кетейік, инвестициялық жобаның құрылысы 2018 жылы басталды. Автомобиль жолы еуразиялық көлік шеңбері жүйесіне енетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне кіреді.