Павлодарлық студенттер бірқатар әлеуметтік және жаһандық экологиялық проблеманы шешуге атсалыспақ. Олардың бірнеше әзірлемесі үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазір жас өнертапқыштар химик-ғалымдармен бірлесіп, құрамында сынап бар топырақты тазарту технологиясын тексеруде. Сынақ жұмыстары Былқылдақ көлінің жағасында өтті.
Александр Свидерский, университеттің химиялық факультетінің деканы:
- Келесі жылы ауқымды сынақ жұмыстарын жүргізбекпіз. Былқылдақ көлінің экологиялық мәселесі алаңдатады. Демеркуризацияға миллиардтаған теңге қажет, бізге ондай ақшаны ешкім бермейді.
Студенттер қарттарға да көмек көрсетуді жөн көріп, егде жастағы адамдарға смартфондар, гаджеттер мен компьютерлерді пайдалануды үйрететін интерактивті курстар ұйымдастырды.
Егор Прохоров, студент:
- Зейнеткерлер электронды үкімет порталы, банктердің қосымшалары мен Microsoft Office бағдарламаларын меңгергісі келеді. Сауаттылық курстарына келушілер саны артуда. Барынша қолдау көрсетуге тырысамыз.
Студенттер үлкен үміт күтетін келесі жоба – робот-промоутерлер. Наноөнім сатып алушылардың назарын аударып, кей жағдайда сатушының да қызметін атқармақ. Олар киім дүкендерінде қолдануға арналған. Студенттер қазір өздерінің стартаптарын коммерцияландыруға тырысып жатыр. Ал инвестициялар пайда болған жағдайда, өнертабыс функционалдығын кеңейте отырып, прототипті жаңғыртпақ.
Константин Слесаренко, студент:
- Әрине, классикалық манекендер бар. Бірақ олар жарнамамен айналыса алмайды және тұтынушылардың көңілінен шыға бермейді. Ал электроманекен промоутер қызметін атқара алады. Адам күші қажет болмайды. Қазір бірнеше промоутер іске қосылып, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеп тұр.