Мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алды

Мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алды

Күллі мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алды. Бұл түн хадистерге сәйкес, Оразаның соңғы он күніндегі тақ түндердің біріне тура келеді. Осы түні жамағат мешітке жиналып, дұға етіп, құлшылық жасайды. Қадір түнінде ел мешіттеріне жиналғандардың қарасы көп болды. Мұсылман жамағатына қуаныш сыйлаған айлардың патшасы, мың айдан да қадірлі, қасиетті Рамазан айында Нью-Йорктағы «Ислам» мәдени орталығы да белсенді жұмыс істейді. Бұл – мегаполистегі үлкен мешіт. Ол 1991 жылы ашылған. Имандылық ұясына күніне 2 мыңнан астам адам келеді. Ораза ұстағандар үшін әр түні ауызашар беріледі. Орталықта мектеп те бар. Мұнда 100-ден астам оқушы білім алады.

Закир Ахмед, Нью-Йорк Қаласы «Ислам» мәдени орталығының имамы:

- Бізде түнде оқылатын арнайы дұғалар бар. Олардың арасында жамағатқа дәріс оқимыз. Шақырылған қонақтар өздері әзірлеген танымдық презентациялар ұсынады. Түрлі діни тақырыптағы мәселелер талқыланып, әділдік, адалдық төңірегінде уағыздар айтылады. Келушілердің қасиетті Рамазанға деген аңсары мен құрметінің көрінісі айқын сезіледі. Осының барлығы бас құлшылық ету залында өтеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?