Украинадан қазақстандықтар мінген үшінші ұшақ елордаға жетті

Украинадан Польша арқылы эвакуацияланған қазақстандықтар мінген үшінші репатриациялық рейс елордаға жетті. 133 жолаушы, оның ішінде балалар мен екі Қырғызстан азаматы бар әуе борты түнде әуежайға қонды.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірінші рейс 28 ақпанда Алматыға, екіншісі 1 наурызда бас қалаға орындалған еді.

Блиц:

- Барлығы тамаша өтті. Қазақстан бізге барынша көмектесті. Жай ғана қонаққа барып, осындай жағдайға тап болдым.

- Ақпанның 24-і күні таңертең Киевте жарылыстарды естідім. Соғыс басталғанын жариялады. Қайда барарымызды білмей қалдық. Барлық жер, тіпті әуежай да жабық болды. Адамдар жан-жаққа қашып жатты. Түнімен жарылыстардың дауысы естілді, қатты қорқықтық.