Осыдан 24 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан астанасы Алматыдан Ақмолаға ауыстырылды. Бас қаланы ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асты. 1998 жылдың мамыр айында қаланың атауы «Астана» болып өзгертілді. Ал 2019 жылдың 23 мамырынан еліміздің бас шаһарының атауы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертілді.
Тарих үшін аса қысқа уақыт ішінде елордамыз заманауи мегаполиске айналды. Бүгінде ол – Қазақстан халқының егемендік жылдарындағы еңбегінің, өршіл мақсаттарға қол жеткізе білуінің, қазақстандықтардың ынтымақ-бірлігінің символы. Қазіргі астанамыз – Еуразия құрлығындағы ең перспективті және қарқынды дамушы қала.