Қазақстандық жүргізушілер тізгіндеген 23 жүк көлігі Украинадан шығып, елімізге бет алды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, Польша шекарасында 7, ал Украинаның аумағында әлі де 26 жүк көлігі қалып отыр. Ол жүргізушілерді де елге қайтару үшін барынша қолдау көрсетілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бейінді ведомство көліктер мен жүргізушілерді қосымша құжаттарсыз өткізу жөнінде Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына жүгініп, «жасыл дәліз» ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Бизнес-субъектілерге және халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін жүк тасымалдау саласындағы мәселелер бойынша жедел штаб құрылды. Ахуалдық орталық базасында жедел желі ашылды.
Call-орталық: +7 708 088 08 00, +7 (7172) 98 35 35;
WhatsApp: + 7 708 088 08 00.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов