Алматыда 20 наурыздан бастап жаңа карантиндік шектеулер енгізіледі. Демек, сенбі және жексенбі күндері ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді.
Мереке күндері таңғы 10:00-ден кешкі 17:00-ге дейін, ал жұмыс күндері 21:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар демалыс күндері азық-түлік сататын базарлар жабылады.
20 наурыздан бастап мерекелер аяқталғанға дейін мегаполисте қоғамдық көліктердің жүру уақыты қысқарады, яғни сағат 22:00-ге дейін жүреді. Тіпті «Медеу» мұз айдыны да енді келушілерді қабылдамайды.
Балаларды түзету кабинеттері мен білім беру орталықтарының, кинотеатрлар мен концерт залдарының жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді.
Айта кетейік, коронавирус жұқтыру жағдайының көбеюіне байланысты Алматы облысында да карантиндік шаралар күшейтілмек. Аймақта демалыс күндері локдаун енгізіледі.