Қазақстанда 1 тамыздан бастап
ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ол екі кезеңде өтеді - біріншісі 31
тамызға дейін, екіншісі - 20 қазанға дейін. Бейінді министрлік отандық ауыл
шаруашылығы мамандарын санаққа қатысуға шақырады. Ауқымды статистикалық байқау
еліміздің барлық өңірлері бойынша жүргізіледі, барлығы 2 млн-ға жуық үй
шаруашылығы мен 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту
жоспарланған. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, сауалнама жүргізу үшін
3 жарым мыңнан астам интервьюер тартылады. Ол қызметті пошташылар да атқарады.
Бек Махсатұлы, Ұлттық санақ жүргізу басқармасының басшысы:
- Санақта алдымен
интервьюерлерді қадағалау үшін GPS мониторингі пайдаланылады. Мысалы олар үй
шаруашылығына келіп сауалнама бастағанда GPS мониторинг бірден қосылып сауалнамаға
қанша уақыт кететінін бақылаймыз. Санақ барысында алынған деректер аудандар,
ауылдық округтер бойынша ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі және бұл
деректерді министрлік ауыл шаруашылығын дамыту үшін пайдаланады.

