Шипа суымен танылған Қазақстанның Сарыағаш ауданы бүгінде Раушан гүлдің мекеніне айналып келеді. Әйгілі голландиялық раушан гүлін енді түркістандық диқандар да өсіреді. Жылыжайда қазір 1 жарым гектар жерге 105 мың түп гүл егілді. Жалпы 10 түрі отырғызылды. Голландиядан тікелей жеткізілген көшеттер тез жерсініп кеткен. Шаруалар әсем өсімдікті күтіп-баптау үшін тың технология ендіріпті. Көздің жауын алатын жұпар гүлдер ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Болашақта егістік көлемін ұлғайтып, шет елге де экспорттау жоспарда бар. Мұнда жылына 10 млн раушан жиналатын болады. Жеке инвеститциялық жоба құны 1 млрд теңгеден асады.
Данияр Қалтаев, Шаруа қожалықтың іс басқарушысы:
- «Бұл көшеттердің бәр Голландиядан келген және голландиялық мамандармен бірлесе біз оңтүстікке осы технологияны енгіздік. Біз нөлдік технологиядан бастаймыз. Тұқым себуден дайын өнімге дейін».
Миновар Каримова, Жібек жолы ауылының тұрғыны:
- «Бойын өлшеп упаковка жасаймыз. Бағасы өзінің бойына қарап әкетіп жатыр. Гүлдеріміздің
сапасы жақсы. Әрі Өзбекстан бүкіл Қазақстан бәріне кетіп жатыр гүл».

