Елордада республика
күніне арналған тақырыптық көрме өтіп жатыр. Онда музейлерден, қорлардан және
кітапханалардан жиналған ондаған экспонаттар мен жәдігерлер таныстырылды.
Олардың ішінде, фотосуреттер, кинохроникалар, құжаттар, мүсіндер мен
мемлекеттік марапаттарды ерекше атап өтуге болады. Ең басты экспонат 1990-ы
жылдың 25-і қазанында қабылданған Мемлекеттік Егемендік туралы Декларацияның
көшірмесі болды. Сарапшылардың айтуынша, бұл құжат Тәуелсіз Қазақстан
тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы мен саяси, экономикалық және әлеуметтік
өзгеруінің бастауы болып табылады.
Ботагөз Қайыпова, ҚР
Президент орталығы директорының орынбасары:
-Президенттік
институттың құрылуы, мемлекеттік шекараны шегендеу, қарулы күштердің құрылуы,
еліміздің халықаралық аренадағы мемлекет ретіндегі танылуының тарихын бүгін осы
жерден көруге болады. Оған дәлел ретінде бүгінгі экспонаттарды айтуымызға
болады. Бұл – біздің саяси тарихымыздың көрінісі. Сондықтан, мемлекеттігімізді
нығайту және бағытымызды айқындауға осы жәдігерлер көмектеседі деп білеміз.