Тұңғыш Президент музейінде Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Тұңғыш Президент музейінде Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

«Ұлы Жеңіс: тарих беттеріндегі ақиқат…». Астанада Тұңғыш Президент музейінде осы тақырыпта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды. Онда майдан газеттері, әскери үгіт плакаттары, қазақстандық жазушы-майдангерлердің еңбектері сияқты сирек архив материалдары қойылды. Көрмеге Музей мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мұрындық болып отыр. 160-тан астам жәдігердің көбі келушілер назарына алғаш рет ұсынылды. Олар дыбыс және жарық арқылы ерекше әрленген. Ұйымдастырушылар Қазақстанның жеңіске қосқан зор үлесін көркем-әдеби мұра, архив материалдары және іздестіру жұмыстары арқылы сақтап қалу маңызды дейді.

Күлайша Ақтаева, «Тұңғыш Президент музейі» корпоративтік қорының директоры:

- Қазақ әдебиетінің лейтенанттық прозасы Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлының шығармаларынан бастау алады. Тұлғалар Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар. Олар бос кездерінде майдан даласында өздері көрген қиындық пен отты жылдардың шындығын қағаз бетіне түсіріп отырған».

Әділ Қойтанов, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры:

– Ол әркімнің қолы жете бермейтін материалдар, сондықтанда біз арнайы қойып соны жай халыққа таныстырып жатырмыз. Ол жерде әртүрлі сол 41 жылы соғыс басталған кездегі газеттерде не жазылған, немесе жеңіс жылы 45 жылы 9 майдағы алғашқы жеңістің қуана жазған материалдары ана жерде сол газет журналдарда көрсетілген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?