Паралимпиададан ұлттық құрама дайындыққа кірісті

Паралимпиададан ұлттық құрама дайындыққа кірісті

Паралимпиададан Қазақстанның ұлттық құрамасы Токиода соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазақстан өкілдері ПТР-тест тапсырып, арнайы тіркеуден өтті. Кейін спортшыларымыз олимпиадалық қалашыққа орналасқан.

Зүлфия Ғабидуллина, Ұлттық құраманың мүшесі:

- Ең бастысы – барлығы дін-аман. Көңіл-күйіміз жақсы. Енді жаттығуды пысықтап, ел абыройын асқақтатуымыз қажет.

Айта кетейік, биылғы байрақты бәсекеге жерлестеріміз 7 спорт түрінен 26 лицензия жеңіп алды. Атап айтсақ, жүзу мен дзюдодан жеті лицензия, пауэрлифтингтен бес лицензия, таэквондодан үш және жеңіл атлетикадан екі лицензия бар. Бұған қоса, қазақстандық спортшылар ескек есу және оқ ату бағыттары бойынша да сынға түседі. Алғашқы бәсеке 25 тамызда басталады. Қазақстандық спортшылар арасынан ең бірінші болып жүзу шеберлері бақ сынамақ.