Қазақстанның үш жаңа аймағының тұрғындары үшін көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомствода жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы – 20. Еске сала кетейік, 8 маусымда Қазақстан Президентінің республиканың жаңа аймақтарын құру туралы жарлығы күшіне енді.