Теміртаулық соғыс ардагері 98 жасқа толды

Теміртаулық соғыс ардагері 98 жасқа толды

Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Куриленко жақында 98 жасқа толды. Сұрапыл жылдардың куәгері қазір Теміртаудағы жалғыз майдангер. Ғасырға жуық жасына қарамастан әлі де тың. 1944 жылы небәрі 17 жасында әскер қатарына шақырылған. Жеңісті зенит артиллериясы құрамында Польшада қарсы алды. Николай Куриленко бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. «Комсомольская правда» газетінен Қазақстан магниткасы туралы хабарландыруды оқып, соғыстан кейін Теміртауға оралды. «Қазметаллургстрой» тресінде еңбек етті. Бес бала тәрбиелеп өсіріп, 10 немере, 13 шөбері, 3 шөпшек сүйіп отыр.


Николай Куриленко, соғыс ардагері:

- «Жастар көп білім алса екен деп тілеймін. Сол білімді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырсын. Оқу-ілімнің арқасында мектептері мен ата-аналарының арман-тілектерін орындасын».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?