Сәуірде еліміздегі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылады. Сонымен қатар несиені пайдаланам деушілерге де ешқандай шек қойылған жоқ. Жаңа бағдарламаға биыл 100 млрд теңге қаралатыны мәлім болды.
Айта кету керек, жеңілдетілген несие арқылы сатуда отандық көліктерге басымдық беріледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Автокөлік сатып аламын деушілерге 10 млн теңгеге дейін несие қарастырылады. Дегенмен бағасы бұдан да қымбатырақ көлік сатып алуға құқығыңыз бар. Бірақ айырмашылықты өз қалтаңыздан төлейсіз. Сәуір айының соңына дейін бұл мәселені шешеміз деп ойлаймыз. Шешім қабылданған кезде 4% жеңілдікпен несие алуға болады.