Бүгінгі таңда әлем бойынша миллиардқа жуық екпе дозасы пайдаланылды. Дамыған елдердің әрбір төртінші тұрғыны вакцина салғызып үлгерсе, ал дамушы елдерде олардың төрттен біріне ғана салынды. Індет басталғанда вакцина егу бойынша елдер арасындағы кемсітушілікке жол бермеуге тырысқанмен, препараттың жеткізілуін әлі де күтіп отырған елдер бар. Сондай-ақ Израильде, Ұлыбританияда ұжымдық иммунитеттің қалыптасқаны туралы айтылуда, бұл елдерде тұрғындардың 70% екпе жасалынды. Вирус жұқтыру саны азайып, күннен күнге шектеу шаралары бәсеңдетілуде.
Коронавирус, вакцина туралы ұмытқан елдердің бар екені тіпті таңғалдырады. Тәжікстанда ресми деректер бойынша биыл бірде-бір вирус жұқтыру тіркелмеген. Былтыр тоғыз жарым миллион халықтың 13 мыңы ауру жұқтырып, 90 адам ғана қайтыс болған. Тәуелсіз ақпарат көздері бұл статистиканың шындыққа жанаспайтынын айтады.
АҚШ баруға кеңес бермейтін елдердің тізімін жасады. Бұл рейтингтің көш басында қандай мемлекеттер тұр? Бүкіл әлем коронавирустың оңтүстік африкалық мутациясынан қауіптеніп отыр. Вирустың жаңа түрі пайда болған ел қандай күй кешуде? Осы және басқа да жаңалықтар «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымында.