Бетпердесіз өмір сүріп жатқандар бар! Еуропаның бір бөлігінде бетпердесіз жүрсе, Португалияда өлім саны көбеюде.
Швецияда тұрғындар үй сатып алып жатса, Канадада ит пен мысықтың саудасы жүріп тұр. Қай ел пандемияның құрсауынан бірінші босайды? «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымынан көретін боласыздар.
Вакцина егу статистикасы сағат сайын өзгеруде, әлем бойынша 150 миллионнан аса доза қолданылды. Өзге елдерге қарағанда, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Еуропа елдері тұрғындарына вакцина егу ісін жеделдетіп жүргізуде.
Бір қарағанда, Еуропа елдерінің ішінде өмір салты өзгере қоймаған Швецияны елемеу мүмкін емес, бұл жақта бетперде тағу талап етілмейді және мейрамханалар мен кафелер де ашық.