Оңтүстік Корея елінің тұрғындары арасында үй жануарларының коронавирус жұқтыру жағдайлары алаңдатушылық туғызды. Алғаш рет мысықтың ауырғаны тіркелді. Мысықтың иесі мен оның қызы вирустың ошағы Чинджу қаласындағы шіркеуге барған екен. Дәрігерлер вирусты адамнан жұққан деп есептейді. Вирустың жануарлардан адамдарға жұғатыны дәлелденбесе де, билік ит пен мысық ұстайтын тұрғындарға кемінде екі метр арақашықтықты сақтауды ұсынды. Ақпан айында Сеулде үй жануарларын тексеруден өткізе бастады.
Данияда вирус жұқтырған барлық қаракүзеннің көзі жойылды
Еуропада вакцина егу қарқыны бойынша көшбасшы болып Дания елі алда келеді. Бұл елде жарты миллионнан аса тұрғынға вакцина салынып үлгерді. Енді біраз кідірістеуге тура келетін шығар, өйткені бұл жақта да британ-швед препаратын қолдануға уақытша тыйым салынды. Ел ақырындап шекараларын аша бастады, алайда тұрғындар: «Бұрынғы карантиннен еш айырмашылық көрген жоқпыз», – деп отыр. Данияда қатаң шектеу шараларына, мәжбүрлеп вакцина салуға және үй жануарларын жаппай қыруға қарсы митингтер үнемі өтіп тұрады.
Өмір немесе өлім екпесі. Неге британ-швед вакцинасынан бас тартқан елдер қатары көбеюде? «Стоп Ковид» бағдарламасының жаңа шығарылымынан толығырақ көретін боласыздар.