Қазақстанда 2024-ші жылы 1 млн тоннадан астам қалдық жиналып, бір жарым млн ағаш отырғызылды. Бұл – «Таза Қазақстан» республикалық акциясының нәтижесі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған кешенді экологиялық бастамасы елімізді көгалдандырып, қоршаған ортаны аялауға бағдарланған. Игі шара былтыр 6 млн астам отандасымыздың басын қосты. Бұндай деректер Үкімет отырысында келтірілді. Акция елдің экологиялық ахуалын жақсарту бағытында кешенді іс-шаралар көзделген 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болды. Оның ішінде карбон полигондарын құру, қоршаған ортаға тарайтын шығарындыларды бақылайты автоматтандырылған жүйелер енгізу, тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеу, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыттар салу, сондай-ақ қоқыс үйінділерінің ғарыштық мониторингін жүргізу көзделген.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

