Қазақстан мен Қытай ядролық материалдардың заңсыз тасымалымен бірлесе күресетін болады. Қос елдің кедендік органдарының ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы ынтымақтастығы нығайтылмақ. Сенаттың жалпы отырысында тиісті заң қабылданды. Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құжатта тараптардың кеден шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу, азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қамтылған.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы Министрі:
– Бірлескен радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының өкілдерінен және оқу орталықтарының мамандарынан тұратын бірлескен жұмыс тобы айқындайтын болады. Осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялы қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмау рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және неғұрлым тиімді құқықтық реттеуге ықпал ететін болады. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Радиациясы белгіленген нормалардан асатын тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға қатысты қос ел заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай тауарларды екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкетуге жол берілмейді. Сондай-ақ, министр өткізу пунктері тиісінше жаңғыртылып отыратынын, арнайы бірлескен оқу-жаттығулар мен оқыту семинарлары өткізілетінін айтты.
Автор: Ақзер Сегізбай