Мыңжылдықтар тоғысында бүкіл әлем жарқын көңіл-күймен жаппай жаңа жылды қарсы алып, той тойлады. Қазақстандықтар да келер жылға үміт артып, амандық пен тұрақтылық тілей отырып жаңа дәуірді өз бетінше қарсы алды. Жаңа мыңжылдықпен бірге Қазақстан тәуелсіздігінің екінші он жылдығы басталды.
Егер егемендіктің бірінші кезеңі қалыптасу дәуірі болса, екіншісі кезеңде жас республика саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі өз позициясын нығайта бастады, халықаралық аренада өзінің ұстанымын мәлімдеді. Ең қиын экономикалық дағдарысты бастан кешірген халық ертеңгі күнге сеніммен қарады. Байсалдылық танытты. Себебі, жаңа кезең басталды және бәріміз байқағанымыздай, табысты дәуір болды, бұл уақыт жас мемлекеттің қалыптасу кезеңі болатын.