«Арманшыл» деректі киносы – бойында жастықтың желігі, ынта-құлшынысы бар жас жігіттің өмірдің шынайы келбетімен беттесетін сәттерін баяндайтын әдемі оқиға.
19 жастағы Елдос есімді жігіт Алматыда тұрады. Күндердің күнінде әйгілі режиссер болуды армандайды. Арманына жету үшін алдымен ол ақша жинап, камера сатып алғысы келеді. Ғалымжан есімді көкесі Елдосты фермасына шақырып алып, егер ол 5 жылқыны қолға үйретсе, біреуін сыйға тартатынын айтады. Бұл Елдос үшін камера сатып алуға үлкен мүмкіндік еді.
Арманына қол жеткізу мақсатында Елдос қызыққа толы үлкен саяхатқа аттанады.