Қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Атап айтқанда, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашылған шыны зауыты, тұз өндіретін «Ассоль» кәсіпорны мен бетон шығару зауытына барды. Күріш шаруашылығымен аты шаққан Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесіп, Қазақстандағы озық елді мекендердің бірі саналатын ауылдың тіршілігімен танысты. Сондай-ақ облыстың 85 жылдығына орай ашылған «Анаға тағзым» орталығына арнайы ат басын тіреді.
ҚР Президентінің Телерадиокешені әзірлеген деректі фильмде Қызылорда облысының соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан аймақтық маңызды жобалар көрініс табады.