Алексей Брусиловскийдің ғұмыры қысқа болды. Жұлдыздай жарқ етіп, өшкен ол бар-жоғы 29 жыл өмір сүрген. Соған қарамастан, ақын-жазушының артында ерекше философиялық еңбектер, терең ойлы туындылар қалды. Алексей Брусиловскийдің қолжазбалары, өлең жолдары мен күнделіктері, тек өзі көз жұмғаннан кейін ғана жарыққа шыққан. Солардың бірі - «Бүлікке бастар әділдік» - атты кітап, автордың әпкесі Галина Маликованың жетекшілігімен басып шығарылған. Редакторы мен құрастырушысы да Галинаның өзі.