Шығыс Қазақстан облысында сайлау учаскелерінде конкурстар, акциялар өткізіліп, тәттілер таратылып, сауда жүріп жатыр. сондай-ақ бірінші келген, әрбір жүзінші, мыңыншы және бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға естелік сыйлықтар табыс етіледі.
Сонымен қатар сайлаушылар саны ең көп учаскелерде халық үшін медициналық пункттер ұйымдастырылған, онда әркім қан қысымын, қандағы қант мөлшерін өлшей алады.
Айта кету керек, барлығы 505 сайлау учаскесінде 3000-ға жуық іс-шара өткізу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7.00-де Шығыс Қазақстанда дауыс беруге арналған 537 учаске жұмыс істей бастады. Өңірдің 500 мыңға жуық азаматы сайлау құқығына ие.