Қалған қалаларда әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл ақпаратты бүгін Азаматтық авиация комитеті растады. Аталған қос қаладағы әуе айлақтарының жұмысы қашан қалпына келтірілетіні әзірше белгісіз. ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігі Қазақстандағы қолжетімді ішкі рейстер туралы ақпаратты жариялады. 9 қаңтарға 224 рейс жоспарланған. Алайда оның 11-і кешіктіріліп, 129-ы тоқтатылды. Бұған көптеген факторлар себеп болып отыр, оның ішінде интернет желісінің қолжетімсіз болуынан бастап, ауа райының қолайсыздығы да бар. Сондай-ақ Алматы әуежайы мегаполистегі жағдай тұрақталғаннан кейін іске қосылатыны хабарланды. Мамандар әуе айлағы техникалық тұрғыдан ашылуға дайын екенін айтты.