Қазақстандық ғалым Азамат Ешмұхаметов құбырлардың үздіксіз және қауіпсіз
жұмысын қамтамасыз етудің жаңа әдісін ұсынды. Ол өз командасымен бірлесе
отырып, бірегей жоба ойлап тапты. Жұмыс істеп тұрған жүйені тоқтатпай, тіпті
жерді қазбай-ақ өз бетінше құбырдың ішіне кіріп, зақымданған жерді тауып, оны
жөндей алатын робот жасап шығарды.

