Көлік құралдарының бірнеше түрін шығаратын Skoda Transportation компаниясы Қазақстанда өндіріс орнын ашуға мүдделі. Бұл компания жеңіл көліктен бөлек трамвай, вагон, метро пойыздары, троллейбус және электробус өндірісімен әлемге танымал. Алпауыт өндіріс ошағы енді Қазақстанда теміржол және қалалық қоғамдық көлік шығару, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегер мен ел Үкіметінің басшысы Әлихан Смайыловпен келіссөз жүргізді. Премьер-Министр инвесторлар үшін түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылғанын ескере отырып, компанияның елімізде нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді. Кездесуде өзара тиімді ықпалдастықты пысықтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылғаны белгілі болды. Өз кезегінде Дидье Пфлегер компания жаңа нарықтарды бағындыруға дайын екенін, тиімді серіктес ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.