Шетелде тұратын отандастар Қазақстанда тегін білім ала алады. «Отанға барар жол» атты байқау Халықаралық білім беру корпорациясының жырақта жүрген қандастарға арнайы ұйымдастырып отырған алғашқы жобасы. Корпорация ректорының айтуынша, ол 3 кезеңнен тұрады. Байқауға ешқандай шектеусіз, әлемнің барлық еліндегі қазақтар қатыса алады. Жеңімпаздардың есімдері 26 шілде күні жарияланады.
Маргарита Имандосова, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры:
– Биыл біз 20 грант бөліп отырмыз. 20 грантты алу үшін 28 маусымнан бастап біз байқау жарияладық. Ол байқау үш кезеңнен өтеді. Бірінші, кезеңі эссе арқылы өтеді. Еліміздің тарихын, біздің атақты белгілі мақтан ететін тұлғаларымыз туралы эссе жазу керек. Екінші, неге осы білім беру корпорациясын таңдап отыр. Осында білім алғаннан кейін қандай алдыға қойып отырған мақсаттары бар деген тақырыпқа эссе. Ал үшінші кезең бұл тікелей сұхбаттасу. Ол онлайн форматта өтеді.
Гранттар 32 білім бағдарламасы бойынша бөлінеді.
Айта кетейік, аталмыш оқу орны әлемнің отыздан астам мемлекетінің 117 білім ордасымен тығыз байланыс орнатқан.
Авторы: Ақзер Сегізбай