ШҚО-дағы өрт: ахуал бақылауда

ШҚО-дағы өрт: ахуал бақылауда

Қазақстанның шығысындағы өртке қауіптіліктің бесінші санаты берілді. Тарханка мен Ұлан ауданындағы өрт ошақтары ауыздықталды. Мұнда тәулік бойы бақылау орнатылды. Қазір барлық күш Күршім ауданындағы жалынмен күреске жұмылдырылды. Ол жерде тілсіз жау 1300 гектар аумаққа жайылған. Өртпен күреске 300-ге жуық адам, 30-дан аса техника мен 2 тікұшақ тартылды. Күніне екі мәрте жедел штабтың отырысы өткізілуде. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлағандай, Глубокое ауданы Каменный карьер ауылының тұрғындарына еш қауіп төніп тұрған жоқ және ол адамдарды эвакуациялау туралы ақпаратты жоққа шығарды.