Оларға USAID және Kazakh Tourism қолдауымен Алматы облысының көрікті жерлеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Бір апта бойы шетелдік қонақтарға жаңа контентпен бөлісу мақсатында республикамыздың мәдени ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, сонымен қатар көркем табиғаты таныстырылды.
Кристофер Джеймс Митчелл, тревел-блогер, АҚШ:
- Мен өзімнің әлеуметтік желілерімде сіздердің елдеріңіз туралы көптеген материалдарды жариялап үлгердім. Яғни, оқырмандарыма Қазақстан туралы аз да болса ақпарат беріп отырдым. Менің мақсатым – мүмкіндігінше көп адамға елдеріңізбен жақынырақ танысуға көмектесу, осылайша олардың Қазақстан туралы ойларын қалыптастыру. Менің ойымша, көпшілік Қазақстанның әрбір тасы тұнып тұрған тарих екені, елдің қаншалықты ғажайып екенін білулері керек. Тау басына көтеріліп, жоғарыдан ландшафттарды, көз тартарлық табиғатты көріп талай мәрте таң болдым. Енді мен Қазақстанға адамдарды көбірек тарту мақсатында, сонымен қатар елдеріңіздің туристер үшін ашық екенін айту үшін арнайы посттар мен жарияланымдар жазғым келеді.
Шарын шатқалы, Қайыңды, Көлсай. Тау шыңдары, көлдер мен өзендерінің әсемдігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Саяхатшылардың өздері ғана емес, сонымен қатар олардың фолловерлері де Алматы сапары туралы дәл осылай айтуда. Сондай-ақ олар Іле Алатауының етегіндегі керемет пейзаждарға, қазақтың қонақжайлығына таң қалғандарын жеткізді.
Кевин Уэгар, тревел-GBCFNTKM, АҚШ:
- Белсенді демалыстан, әсем табиғаттан алған әсерім керемет. Мәдениеттеріңіз, ұлттық тағамдарыңыз қатты ұнады. Барлығы жоғары дәрежеде. Бірақ ең бастысы қазақстандықтармен сөйлесу арқылы олардың өте қонақжай, ақжарқын, тамаша адамдар екенін түсініп, бұл олардың басты ерекшелегі екенін түсіндім. Қазақстан - табиғаты, көлдері, таулары, тау шаңғы курорттары біріктірілген керемет әдемі ел. Оны саяхатшылар да бағалайды деп ойлаймын. Қазақстанның жиһанкездер келіп, өз көзімен көріп қайтуына лайық табиғаты мен нысандары көп. Мен Қазақстанның Солтүстік Америкада көпшілік біле бермейтін қырын көрсете алғаныма өте қуаныштымын.