Шавкат Мирзиёевтің сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына үлкен серпін береді

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері шағын құрамда келіссөздер жүргізді. Бұған дейін республикамызға мемлекеттік сапармен келген Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Екі елдің көшбасшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті. Ал қол қойылған құжаттар өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындайды. Өз кезегінде көрші ел көшбасшысы Шавкат Мирзиёев кездесу екі республиканың қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Қос тарап Президенттері қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.