15 қарашада Қазақстанның Ұлттық валютасына 30 жыл толады. Атаулы мерейтой қарсаңында Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «Teńgege 30 Jyl» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. 300 монета күмістен жасалып алтынмен қапталған. Тағы бір монета түрі де күмістен жасалғанымен тантал орнатылған. Бұл монета түрі көптеп шығарылған. Айналымда 2000 осындай монета болады. Мерейтойлық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің интернет-дүкенінде сатып алуға болады.
Алмат Басенов, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері:
– Монетаның
дизайны қазіргі цифровизация үрдісіне сәйкес заманауи мәнерде жасалған. Жалпы,
дизайнды, материалдарды және жасау әдісін тегіннен-тегін таңдаған жоқпыз. Себебі,
монета дизайнының негізінде теңге тұр, оның сол жағындағы ою-өрнек өсімді
білдіреді. Онымен біз еліміздің, халқымыздың өсіп-өркендегенін сипаттағымыз
келді. Оның үстіне ою-өрнек біздің басты ұлттық белгілеріміздің бірі.