Қазақстан мен Түркия фитосанитарлық қауіпсіздік бағытында ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Тараптар өсімдіктер карантині және оларды қорғау бойынша бірлеспек. Сенат депутаттары екі елдің Үкіметтері арасында жасалған тиісті келісімді мақұлдады. Аталған құжат мемлекеттер аумағына енген өнімдерді сертификаттауға және жүктердің транзитіне қатысты талаптарды белгілейді. Келісімнің аясында Қазақстан мен Түркия өзара фитосанитарлық жағдаймен, карантиндік зиянды организмдердің ұлттық тізбесімен және оларды қорғауға қатысты басқа да ережелермен алмасады. Сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми- зерттеу институттары мен ұйымдар арасында тәжірибе бөлісіп, әріптестік аясын кеңейту жағы да қарастырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, Түркияға отандық дәнді және бұршақты дақылдар экспортталады. Ал бауырлас республикадан көкөністер, жемістер, жаңғақтар келеді. Жалпы соңғы үш жылда Қазақстан 700 мың тонна өсімдік өнімін жеткізген. Ал, Түркиядан 40 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы дақылдары мен 2,5 млн астам тұқым импортталды.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Жыл қорытындысы
бойынша тауар айналымы шамамен 285 млн долларды құрады. Әрине, біз одан әрі де
оның көлемін арттыруға ниеттіміз. Осы бағытта елдің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық қызметттің атқаратын міндеті маңызды. Егер
Қазақстанның экспорты туралы айтатын болсақ, ол шамамен 133 млн долларға жетті.
Импорттың көлемі де осы маңға жуық. Мен тек өсімдік шаруашылығының өнімдері
туралы айтып отырмын. Бүгінгі таңда бізде Иран, Әзірбайжан, Қытай, Вьетнаммен
дәл осындай келісімдер жасалған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.
Авторы: Жеңіс
Ермұқанов

