Қазіргі
таңда бүкіл әлем климаттың өзгеруінен туындайтын проблемалармен бетпе-бет келіп
отыр. Сондықтан, экологиялық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығады. Бұған
қоса елімізде қалыптасқан экологиялық түйткілдер мен энергия тапшылығына
қатысты мәселені жүйелі шешу қажет. Бұл туралы Сенат төрағасы Абай облысының аграрийлері
және еңбек ұжымдарымен кездесуінде айтты. Халық штабының мүшелері 6-қазанда өтетін
АЭС құрылысы бойынша референдум аясында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев бұл жағдайда бір жағынан экологиялық
зиянды азайту үшін, екінші жағынан энергетикаға нұқсан келтірмей тиімді
шешімдер іздеу қажет деп атап өтті. Бизнес өкілдері, оқытушылар мен қоғамдастық
елімізде қалыптасқан экологиялық проблемалар мен энергия тапшылығы мәселесін
шешу маңызды екенін тілге тиек етті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:
- Президентіміздің шешімін Референдум өткізу туралы
бастаманы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымының жүзеге асырылуының
нақты нышаны деп ауыз толтырып айта аламыз. Семей өңірі де, осы қастерлі мекен
осы бастаманы қолдап, 6 қазан күні өздерінің дауыстарын береді деп сенеміз.