1 Наурыз – алғыс айту күні

Ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі халықтардың мәдениетімен танысып, қолдан жасалған бұйымдар сатып алу. Бұның бәрі елордалық достық үйінде ұйымдастырылды. Бас шаһарда Алғыс айту күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мерекеге орай дөңгелек үстел, флешмоб, бейне эстафета, челлендж сынды шаралар өткізді. Мұнда 22 этномәдени орталықтың өкілдері келушілердің назарына қолөнер бұйымдарының көрмесін жайып салды. Шараға қатысушылар алдына қонақ күтуден жан салмайтын қазақ халқының кең пейілдігі мен мейірмділігі үшін ризашылықтарын білдірді.   Еске салайық, 1 наурыз күні қазақстандықтар алғыс айту күнін тойлайды. Бұл мереке осымен 6-шы мәрте аталып өтеді.

 СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВ, БЕЛОРУС ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - Жеке куәлікте ұлтым белорус деп жазылғанымен, мен өзімді қазақстандықпын деп санаймын. Өйткені қазақ жерінде туған төртінші ұрпақтың өкілімін. Бұл мейрамның Қазақстан халқы үшін маңызы өте айрықша. Біз өзіміздің тарихымызды сақтауымыз қажет. Кезінде түрлі реформалардың кесірінен Қазақстан аумағына көптеген этнос өкілдері күшпен көшірілгенін жақсы білеміз. Көбін жапан далада тастап кеткен. Қоныс аударған өзге ұлттарды қазақ халқы құжақ шая қарсы алды.  Өз ауыздарынан жырып, көмек қолдарын созды. Сол қиын кездегі өзге этнос өкілдеріне жасаған жақсылықтары ұмытпауымыз керек.

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов