Процесс электронды еңбек биржасы негізінде жүзеге асады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, онлайн супермаркетте жұмысқа орналасу және оқыту порталдары, кәсіпкерлік бастамаларға арналған бірыңғай терезе, кәсіптік бағдар беру платформасы, еңбек қатынастары және цифрлық жұмыспен қамту орталықтары бар. Яғни, экожүйе азаматтарды мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейінгі кәсіби жолында қолдап отырады. Бейіндік департаменттің келтірген мәліметіне сәйкес, биыл бірыңғай цифрлық платформаға 370 мыңнан астам адам тіркеліп, жұмыспен қамтылғандардың үлесі 31%-ті құрады. Осылайша, оң нәтиже ескерліе отырып, 2023 жылдан бастап Жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау жоспарланып отыр. Жұмыс бағыттары өзгертіліп, адамдарға ыңғайлы форматқа ауыстырылады. Осы мақсатта мобильді қосымша жасалады.