Сенат отандық тасымалдаушылардың шығынын азайтатын құжатты қабылдады

Сенат бұны көздейтін құжатты мақұлдады. Келісімде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тауар тасымалына қатысушылар үшін жекелеген кедендік рәсімдерді жеңілдету қарастырылған. Сондай-ақ міндетті кедендік және өзге де төлемдерді төлеуге қатысты құқықтық қатынастарды реттейді. Бұған қоса жаңа құрал одақтың «кепілгерлік» институтын дамытып, біріңғай транзиттік жүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді дейді, депутаттар. Бұл өз кезегінде ұлттық тасымалдаушыларға заманауи озық тәжірибелерді қолдануға жағдай жасайды.

Сұлтанбек Мәкежанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Декларанттар бірнеше транзиттік декларациялар бойынша, тасымалданатын тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтардың сомасынан аз мөлшерде немесе 20%-ға қамтамасыз ете алады. Екіншіден келісімге сәйкес, Ұлттық кепілгерлер деп танылған кепілгерлер үшін, оңайлатуларды қолдану мүмкіндігін көздейді. Аталған тұлғалар, белгілі бір шарттар сақталған кезде, қаржылық кепілдік мөлшерінің 10%-дан 100%-на дейін оңайлатуды қолдана алады.