Астанада заманауи еңбек нарығының жаңа трендтері талқыланды

Астанада заманауи еңбек нарығының жаңа трендтері талқыланды. Елордада өткен конференцияда қатысушылар цифрлық технологиялар мен шешімдер және жасанды интеллекттің жұмыспен қамту саласына тигізер шарапаты жөнінде ой қозғап, пікір алмасты. Сарапшылардың есебінше, жасанды ақыл-ой жүйесінің әлемдік экономикаға қосқан үлесі жақында 15 жарым трлн доллардан асуы мүмкін. Бұл үрдіс Қазақстанда да кең етек жайып келеді. Еңбек нарығында инновациялар белсенді қолданылады.

Хавьер Санчес-Роза,  Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік қорғау саласы бойынша аға экономисі:
- Біз болашақ мамандықтар бойынша арнайы жеке талдау жүргізген жоқпыз. Алайда цифрлық экономика, халықтың қартаюы және жасыл экономикаға көшу жағдайындағы әлемдегі мега-үрдістерді ескерсек көптеген цифрлық мамандықтардың болашағы зор екендігі айқын болып отыр. Сондай-ақ жасыл экономиканың қарқын алуы жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етті. Менің ойымша, осы бағыттарға басымдық берген елдің болашағы кемел болады.

Заман ағымына сай сандық шешімдер байланысты оңтайландырып кез-келген HR үрдістерді автоматтандырудың бірден-бір жолы. Мәселен бұл ретте  қызметкердің жұмыс кестесін құрып, олардың жалақысын басқарудың арнайы құралын жасаған IT-компанияның өкілдері бұған сенімді. Оның мамандары алғаш болып адам биометриясы негізінде бірегей тұғырнама әзірлеген.

Камила Темирова, HR-процестерді автоматтандыру компаниясының менеджері:
-Біздің қосымша қызметкерлердің жұмысқа қатысуы туралы нақты деректер береді.  Сонымен қатар бағдарлама қызметкерлерге қатысты барлық ақпаратты қамтиды. Оларға оңтайлы жұмыс кестесін құру, сұраныстары, кейбір демалыстарына қатысты ұтымды шешімдер ұсынады. Яғни, біздің арнайы бағдарлама орналасқан жеріне байланысты қызметкердің жұмысына қатысты шынайы деректерді жинап, соның негізінде нақты есептер жасайды. Мұның бәрі қосымшада көрініс табады. Веб-нұсқасы да бар. Мәселен іс-сапарда немесе саяхаттап жүргеннің өзінде әлемнің кез-келген жерінен қызметкерлердің жұмысын қашықтан басқауға мүмкіндік береді.