Қазақстан мен Ресей ұлттық валюталарын нығайтып, экономикаға соққы болатын сыртқы факторлардың әсерін азайтуға өзара сауда-саттық көмектеседі. Бұл туралы Еуразиялық Даму банкінің мемлекеттік талдау орталығының басшысы Алексей Кузнецов мәлімдеді. Сарапшы жыл соңына дейін тауар айналымын 20 млрд доллардан астам сомаға жеткізу бойынша тараптардың болжамдары орынды деп есептейді. Банк Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де сауданың рекордтық деңгейі тіркеледі деп болжайды. Жыл басынан бері көрсеткіштер шамамен 30% өсті. Ал жыл аяғында сауда-саттық көлемі пандемияға дейінгі көрсеткішке жетуі мүмкін. Бірақ Одақ елдерінің сыртқы сауда көлемі әлемдік нарықтың шамамен 2% құрайды.