«Сан-Ремо» халықаралық таланттарды іздеу байқауы

«Сан-Ремо» – Италияда 1951 жылдан бері өткізіліп келе жатқан музыкалық фестиваль. Осы айтулы шараның арқасында үлкен сахнаға талай талантты әншілер шықты. Жарыс жыл сайын Италияның солтүстік-батысындағы курорттық қалашықта өтеді. Әлемге әйгілі әншілер – Адриано Челентано, Клаудио Мори және Тото Кутуно алғаш рет «Сан-Ремо» сахнасында өнер көрсеткен. San-Remo Junior балалар мен жасөспірімдерге арналған байқауы 25 жыл бұрын пайда болған. Содан бері бұл байқауға жыл сайын әлемнің 20-дан астам елінен үздік өнерпаздар қатысып келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?