Өмір, денсаулық және адам құқықтары. Бұл – өзін-өзі құрметтейтін кез келген мемлекет негізгі заңының бірінші жолдарында нақты белгіленген ең жоғары құндылықтар. Күнделікті өмірде, яғни, үйде, көшеде, жұмыс орнында өзімізді қауіпсіз сезіну арқылы мемлекеттің өміріміз бен денсаулығымызға қамқорлық жасайтынын білеміз. Өкінішке қарай мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаттарының салдарынан Қазақстанда орта есеппен 200-ге жуық адам қаза тауып, 1000-нан астам адамның денсаулығына зиян келеді.