Қазақстан - Еуразияның жетекші аграрлық орталығына айнала ала ма?

Қазақстан - Еуразияның жетекші аграрлық орталығына айнала ала ма? Иә, және ол күн алыс емес. Бір қарағанда, бұл күрделі міндет болуы мүмкін. Алайда, мақсат бар, жоспар жасалған. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында да осы мәселе көтеріледі. Президент Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы - зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология қабына айналу керектігін жеткізді.