Сән мен сананың тоғысуы

Жас дизайнер қоғам тарапына жасалынатын кез-келген қысым мен қиянат түріне қарсы. Адамдарды ұлты, жынысы, келбеті, әлеуметтік жағдайына қарай бөлгенді құптамайды. Адамзат арасындағы күрделі қарым-қатынасты Расул Социал өзі тігіп шығарған көйлегі мен костюмі, шапаны арқылы көрсеткісі келеді.

Расулдың топтамасында тағы бір өзекті тақырып – ол жануарлар әлемі. Әсіресе, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға көзқарасы ерекше.