Жаңа көшпенділердің жаһандық өмір сүру үлгісі

Бренд негізін қалыптастырған Инна Апенко өз әулетінде киім тігумен айналысқан үшінші ұрпақ өкілі. Ол 23 жасында тігін фабрикасын басқарған. Өз жеке брендін құру оның мансап жолына бастаған алғашқы қадамы еді. Инна ашқан балалар киіміне арналған сән компаниясы 15 жылдан бері тұтынушыларының жоғары бағасын алып келеді. Бренд иесіне осындай жоғары сапамен ересектерге де киім тігу туралы көптеген ұсыныстар түсетін. Сөйтіп Инна бұған да тәуекел етеді. Қазіргі заманға сай сәнді әрі стильді киімдерді тігуді қолға алады. Сатылымға шыққан брендтің алғашқы топтамасы екі-ақ аптада өтіп кетті.