Жарқын Баймаханов өзінің сүйікті ісін кәсіпке айналдырған жан. Ол дизайн мен сән әлеміне жетінші сыныптан бастап құштар болды.
Жарқын белгілі бір стильді ғана ұстанбайды. Үнемі ой құшағында жүретін дизайнер этникалық элементтерді, спорттық сәнді, классиканы да жұмыс барысында қолданудан қашпайды. Сөйтіп түрлі сән үлгісін біріктіріп те ерекше образ шығарады. Шығармашылық идеялар, креатив ойлар жұмыс үстінде өзі-өзінен туындап, толыға береді.
Дайын киім үлгілерінің қандай болатынын «Silk Way» телеарнасы «Sense of style» бағдарламасынан көріңіз!