Дизайндағы заманауи этника

Олардың әрбір топтамасы – қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің ғажайып әлеміне жасалған саяхат іспетті.
Дизайнер Жанна Маликова қазақтың көне қолөнерін заманауи сәнмен ұштастырып, оны сақтап қалуға тырысады. Ол әр адамның даралығын көрсететін ерекше киімдер тігеді.

Қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып бара жатқан ұлттық киімдер қалай тігіледі? «Silk Way» телеарнасы «Sense of style» бағдарламасынан көріңіз!