Бірақ ол бұл әрекетті дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей жасауы керек. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында мәлімделді. Мұндай құқықты вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, жатақханада тұрмайтын өзге өңірлерден келіп оқитын студенттер пайдалана алады. Сондай-ақ ол сайлау күні тіркеу орнында бола алмайтынын алдын ала білетін азаматтарға қатысты. Орталық сайлау комиссиясы азаматтар тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізімінде өздерінің бар-жоғы жөнінде тиісті әкімдіктің сайты немесе колл-орталық арқылы тексеруге болатынын атап өтті.