Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, мұндай нысандарға келетін турист жағажай демалысына қарағанда орта есеппен 5 есе көп қаражат жұмсайды. Жалпы, жергілікті тау бөктерлерінде сауық құруды қалайтындар саны жыл сайын кемі 30%-ке артқан. Жиһанкезлер арасында, әсіресе, Алматы өңірінің шаңғы базалары қызығушылыққа ие. Олардың орташа өткізу қабілеті күніне шамамен 10 мың адамды құрайды. Сала мамандарының айтуынша, туризмнің осы бағытында жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу көзделіп отыр. Соңғы 4 жылда елімізде саланың барлық бағыттары бойынша жалпы құны 420 млрд теңгеден асқан 360 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл да 115 бастаманы жүзеге асыру жоспарланған. Олардың жалпы құны – 288 млрд теңгені құрамақ. Қазынаға осы саладан түскен қаржы көлемінің ұлғаюы да отандық туристік нысандарға қызығушылық артқанының белгісі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша салық төлемдері 390 млрд теңгеге жетті. Өсім 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге тең келді.