Қазақстан Республикасының 14 өңірінде терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылды. Бұл туралы ҰҚК хабарлайды. Ал Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейі сақталуда. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың мәліметінше, өңірлерде жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.
Қазақстанның үш облысында төтенше жағдай режимі алынды
Қазақстанның үш облысында төтенше жағдайдың күші жойылды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл Батыс, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.
Еске салайық, Қазақстан аумағында тәртіпсіздіктерге байланысты 5 қаңтарда төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал Алматы облысында коменданттық сағаттың уақыты өзгерді. Енді ол 23:00-ден 07:00-ге дейін жұмыс істейді.